«Хушуу цайдам» музейі 2010 жылы Моңғолия үкіметінің қаулысымен құрылған.
Бұл археологиялық заттар қазіргі Хашаат сұмынында (ауылдық округ - авт.)орналасқан Түркі қағанатының саяси және әскери қайраткерлері Білге қаған мен Күлтегін мемориалдық кешендерінен табылған.
Еске салайық, түркілер Еуразия құрлығының төрттен бір бөлігінде өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың бірі.
Айта кетерлігі, Түркия Республикасының премьер-министрі Бинали Йылдырым биыл 7 сәуірде Моңғолияға жасаған ресми сапары кезінде аталмыш музейге барған еді.