Моңғолияның алғашқы спутнигі жұмыс істей бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 сәуір күні Моңғолияның алғашқы спутнигі Жер төңірегіндегі орбитада өз жұмысын бастады, деп жазды montsame.mn.

«ABS» сингапурлік компаниясының атқарушы директоры парламент спикері М.Энхболдуге Моңғолияның «Моңғолсат-1» атты алғашқы орбиталық спутник туралы куәлікті табыс етті.

Парламент спикері М.Энхболду азаматтарға жоғары жылдамдықты интернет, радио және телехабар тарату, орналасу жеріне байланыссыз елдің барлық аумағына телекоммуникация бойынша сапалы қызметтер ұсыну үшін моңғол спутнигін ұшыру жобасын жүзеге асыруды 2006 жылы премьер-министр лауазымында болған кезінде бастады.  

«Моңғолсат-1» қаңтар айында Жер төңірегіндегі орбитаға шығарылды және 19 сәуірден бастап, өз жұмысын бастады. Осы спутниктің көмегімен ел ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және тау-кен өнеркәсібі салалары үшін маңызды деректерді алып отырмақ. Ал азаматтар күнделікті жоғары жылдамдықты интернет, кең жолақты телехабар тарату қызметтерін ең төменгі бағалармен тұтына алады.