Моңғолияның алтын қоры 2783,65 тонна

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл Моңғолияның геологиялық қызметіне 75 жыл толып отыр, деп хабарлады «Моңғолия дауысы» ақпараттық агенттігі.

«Бүгінгі күні 1200 кен орнында 80 жоба іске асып жатыр. Елдегі анықталған алтын қоры 2783,65 тонна, күміс қоры 277 мың тонна болса, қола 85,9 млн. тонна», делінген хабарламада.