16:10, 03 Сәуір 2009
Моңғолияның Конституциясы алғаш рет қазақ тіліне аударылды
АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы наурызда алғаш рет Моңғолия Конституциясы қазақ тіліне аударылып, жарық көрді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшілігіне сілтеме жасап. Моңғолия билігінің осындай тарихи маңызы бар іс-шараға ерекше назар аударуы, осы елдегі және дүниежүзіндегі барша қазақтарға деген құрметінің белгісі.
Моңғолияда қазіргі таңда 100 мыңға жуық қазақ тұрады, олар екі ел арасындағы дәстүрлі тарихи достық көпірі қызметін атқарып тұр деуге әбден болады.