Журналистер онлайн брифинг барысында мониторинг топтары неге тек кафелер мен мейрамханаларды тексеріп, «барахолкада» тексеру жүргізбейтінін сұрады.
«Бұл нысандар тексерілмейді емес, тексеріледі. 1,5 ай бұрын бір жерде жақын орналасқан базарларға 1 млн теңге айыппұл салынды. Алайда эпидемиологиялық талдауларға сенсек, инфекцияның 37% жабық жерлерде таралады. Түнгі клубтарда адамдар 5-6 сағат жабық жерде жақын отырады. Ал базарға барсақ, сатушының алдында ұзақ тұрмаймыз. Затымызды алып, кете береміз», - деді ол.
Айта кету керек, 24 қазанда Алматыда мониторинг топтары 59 нысанды тексеріп, 11 нысанда карантин талаптары бұзылғанын анықтады.