Моноқалалардағы бизнес-жобалар 10 пайызға субсидияланады

None
АСТАНА. 9 наурыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдан бастап «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры моноқалаларда іске асырылатын жобаларды субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі қорға сілтеме жасап.

«Бағдарламаның айрықша ерекшелігі - салалық шектеудің болмауында, бұл экономиканың барлық секторында жүзеге асырылатын жобаларға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Субсидия мөлшері 10 пайызды құрайды», - делінген қордың ақпарында.

Сонымен қатар, «Даму» қорының 2013 жылы 2500 астам жобаға субсидия төлеп, несие бойынша шамамен 400-дей кепілдеме беруді жоспарлап отырғанын айта кету керек.

«Субсидиялау кәсіпкерлерге банктерден бар-жоғы 7 пайыз және одан да төмен жылдық пайыздық мөлшерлемемен несие алуға, ал кепілдендіру кепіл көлемі жеткіліксіз болса да несие алуға мүмкіндік береді», - деп қорытындыланған хабарлама.