Бәсекелестік мәселелерін жазатын бұқаралық ақпарат құралдары арасында конкурс алғаш рет өткізіледі.
Конкурстың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) болып табылады.
Конкурсқа қатысуға республикалық және облыстық БАҚ-ның редакциялары, интернет-порталдар, ақпараттық агенттіктердің сайттары, сондай-ақ жеке авторлар (журналистер) шақырылады.
Конкурсқа 2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында теле-және радиоарналарда шыққан және ақпараттық агенттіктердің таспаларында жарияланған баспасөз басылымдарында орналастырылған баспа, дыбыс-бейне материалдары қабылданады.
Конкурс негізгі 4 аталым бойынша өткізіледі:
- «Теледидардағы ең үздік бейнематериал»;
- «Газет пен журналдардағы ең үздік жарияланым»;
- «Радиодағы ең үздік материал»;
- «Интернет - ресурстарда орналасқан ең үздік материал».
Жұмыстар 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы, Сол жағалау, «Министірліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), Стратегиялық жоспарлау департаментінде қабылданады.
Конкурс бойынша қосымша мәліметтерді Ақпараттық сүйемелдеу және Жиынтық- талдау басқармасынан (7172) 74 96 33 телефон бойынша немесе Агенттіктің www.azk.gov.kz.
сайтынан алуға болады.
Конкурстардың жеңімпаздары дипломдармен, ескерткіш кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 2011 жылдың қазан айының бірінші онкүндігінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органның құрылғанына сәйкес (ТМД қатысушы-елдердің МСМК-нің шеңберінде өткізіледі) Халықаралық конференциясында жүзеге асырылады.