Ведомство бұқаралық ақпарат құралдарының арасында мұндай конкурсты алғаш рет өткізгелі отыр.
Республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары, интернет-порталдар, ақпараттық агенттіктердің сайттары, сондай-ақ жеке авторлар (журналистер) қатыса алатын бұл конкурсқа 2011 жылдың қаңтар-тамыз айларында теле-және радиоарналарда шыққан және ақпараттық агенттіктердің таспаларында жарияланған, баспасөз басылымдарында орналастырылған баспа, дыбыс-бейнематериалдары қабылданады.
Конкурс: «Теледидардағы ең үздік бейнематериал», «Газет пен журналдардағы ең үздік жарияланым», «Радиодағы ең үздік материал», «Интернет - ресурстарда орналасқан ең үздік материал» аталымдары бойынша өткізіледі.
Жұмыс үшін ұсынылып отырған тақырыптар: «Бәсекелестік Қазақстан Республикасы нарық экономикасының тиімділігін көтеру факторы ретінде», «Қазақстан Республикасының монополияға қарсы органы және оның ұлттық экономиканы қалыптастырудағы рөлі», «Өңірлік бәсекелестікті дамыту жолдары», «Мемлекеттің монополияға қарсы саясаты бәсекелестік қабілеттілігінің факторы», «Бәсекелестік өнімдердің сапасын көтеру негізі», «Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік саясатының ахуалы мен даму тенденциялары туралы», «Өңірлерде бәсекелестікті дамытуға тиімді жүйені қалыптастыру», «Өңірлік бәсекелестік саясатты іске асыру» және т.б.
Жұмыстар 2011 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде мына мекен-жайы бойынша: Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 4-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік), Стратегиялық жоспарлау департаментінде қабылданады.
Конкурс бойынша қосымша мәліметтерді Ақпараттық сүйемелдеу және Жиынтық-талдау басқармасынан (7172) 74 96 33 телефоны бойынша немесе Агенттіктің www.azk.gov.kz сайтынан алуға болады.