Монополияға қарсы комитет «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС автожанармай құю стансасын сатып алу жөніндегі мәмілеге тыйым салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (ТМРБҚК) жеке кәсіпкерлердің біріне тиесілі Қызылорда облысындағы автожанармай құю стансасын мүліктік жалға алуды қамтитын (жалға алу) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС-ның өтінішхатын қарады.

Өтінішхатты қарау  барысында 2015 жылдың қорытындылары бойынша Қызылорда облысындағы  мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізу  қызметтері нарығына талдау жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық  экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

АИ-95/96 бензинін  өткізу нарығында «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС үлесі 35% астамды, «Sinooil»ЖШС және  «TS Оңтүстік жанар май» ЖШС АИ-95/96 бензинін  өткізу бойынша 50% астамды құрады.

Бұдан басқа «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС АИ-92/93 бензинін өткізу көлемі 2017 жылы 51 есеге,  АИ 95/96 -  69 есеге ұлғаятын болады,  бұл 2020 жылға дейін өткізу үлесін кейіннен ұлғайту арқылы  оның нарықтағы үстем жағдайының  күшеюіне алып келеді.

Осылайша 2015 жылы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС  «Sinooil» ЖШС және  «TS Оңтүстік жанар май» ЖШС-мен АИ-95/96 (нарықтағы үлесі 35 % астам) және АИ-92/93 отынды өткізу жөніндегі үстем жағдайға ие болды, сондай-ақ ТМРБҚК нарығындағы үлесінің болжамды  ұлғаюы  осы тауар нарығында  бәсекелестікті шектеуге жол бермеу мақсатында осы экономикалық шоғырлануға тыйым салды.