Оны Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МҚСМК) Хатшылығының жетекшісі Азам Усманов бүгін МҚСМК-нің Алматыда өтіп жатқан 35-мәжілісінде айтты.
"Бұл шара кезінде ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы мен ҚР Монополияға қарсы органының құрылғанына 20 жыл толуына арналған халықаралық конференция ұйымдастырылып отыр. Халықаралық ұйымдардың және Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ведомстволарының қатысуы бәсекелестікті дамыту республикада монополияға қарсы органның ғана емес, барлық шаруашылық құрылымдарының маңызды мәселесі екенін айғақтайды", - дейді А. Усманов. Оның айтуынша, мұндай шараға қатысып отырған біздің әріптестеріміз бұл саладағы ынтымақтастықты жетілдірудің келешегі мен оны дамыту жолдары туралы пікір алмасады.
Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МҚСМК) 1993 жылы құрылған болатын. Оның соңғы 34-мәжілісі 15-16 маусымда Тәжікстаннның Душанбе қаласында өткен еді. Ал Қазақстанда бұған дейін мұндай алқалы жиындар Астанада 2 рет, Алматыда 2 рет ұйымдастырылған болатын.