Монреалда газдан уланған 35 оқушы ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Монреалда дүйсенбі күні газдан уланған бастауыш мектептің 35 оқушысы мен 8 қызметкері ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы CTV телеарнасы медициналық мекеменің өкіліне сілтеме жасап хабарлады.

Газ мектеп ғимаратын жылыту жүйесіндегі ақау салдарынан тараған. Барлығы 300 адам эвакуацияланған. Қазіргі таңда уланғандардың жағдайы тұрақты.