Моншадан есірткі табылды - Батыс Қазақстан

None
ОРАЛ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданы Первосовет ауылында тұратын И. деген азаматшаның моншасынан есірткі табылды.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сараптама қорытындысына сәйкес бұл «олжа» 426,37 грамм кептірілген марихуана болып шықты.

Өткен аптада адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы да тіркелді. Орал қаласында «Газ-323131» автокөлігінің 22 жасар жүргізушісі Дәулеткерей мен Құрманғазы көшелерінің қиылысында жол бермей, «Тойота Камримен» соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан «Газ-323131» автокөлігіндегі 20 жасар қыз оқиға орнында көз жұмды.

Ақжайық ауданы Есенсай ауылы тұрғынының ауласы отқа оранып, бір жылқы, 7 бұзау, 3 ешкі, 6 қойға қоса 20 тонна пішені өртеніп кетті. Ал Ақсай қаласы маңынан 14 ірі қараны ұрлаған Зеленов ауданы Плодоовощной ауылының 39 жасар және Переметныйдың 19 жасар тұрғыны болып шықты.