Монтана штатында ұшақ апатынан 17 адам қаза тапты

ВАШИНГТОН. Наурыздың 23-і. ҚазАқпарат – Американың Монтана штатында ұшақ апатының салдарынан 17 адам қаза тапты, олардың арасында балалар да бар,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Федералды авиациялық басқарманың өкілдері хабарлағандай, Калифорния штатындағы Орвил қаласынан ұшып шыққан Eagle Cap Leasing Inc. компаниясының бір моторлы турбовинтті ұшағы Монтана штатының Бозман қаласына бара жатқан. Ресми дерек көз бойынша, ұшақ жерге қонар кезде өртке оранып, Бьютт қаласындағы әуежайдан 150 метрдей жерде апатқа ұшыраған. Федералды авиациялық басқарма өкілдері ұшқыштың неліктен бағытты өзгерткенін білмейтінін айтып отыр. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.