Монте-Карло мастерс турнирі: Бублик әлемнің 1-ракеткасынан өте алмады

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик Монте-Карло мастерс турнирінің жартылай финалынан тыс қалды.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарасқа тап келді.

Бұл қос спортшының өзара алғашқы кездесуі еді. 

Испаниялық теннисші 6:3, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 3 минутқа созылған бәсекеде Бублик 2 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Алькарас 3 эйс, 6 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.

Карлос Алькарас финалға шығу үшін аустралиялық Алекс де Минор немесе монаколық Валентен Вашроның қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Монте-Карло мастерс турнирінде ширек финалға шыққан Бубликтің әлемнің 1-ракеткасымен ойнайтынын жазған болатынбыз.