«Moody's Investors Service халықаралық рейтингілік агенттігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тұрақты мониторингі шеңберінде эмитенттің ұзақ мерзімді рейтингісін Baa3 деңгейінде өзгеріссіз қалдырды, болжам «Тұрақты». Холдингтің рейтингілері Қазақстанның тәуелсіз рейтингілері деңгейінде», - делінген холдинг баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кетерлігі, холдингтің ВВВ деңгейіндегі Fitch Ratings агенттігінің рейтингісі бар. 2017 жылғы 5 мамырда расталған болжамы - «Тұрақты».