Таратылған ақпаратта болжамның өзгеруі мен рейтингтердің құпталуы агенттік сарапшыларының елдің экономика, бюджет және банк жүйелерінің қара алтын бағасының құлдырау құрылымына ыңғайланып, өсімін арттыруы туралы пікірлерімен қуатталғандығы айтылған.
В Moody's мұнай бағасының жаһандық құлдырауына байланысты Қазақстан қабылдаған жедел шаралар, оның ішінде антициклдік саясат пен валюта бағамының икемділігі экономиканы қолдауға және болашақта амортизациялық әлеуетті сақтау перспективасына септігін тигізді деп санайды.
Мәселен, сарапшылар мұнай рекапитализация кезінде республиканың қаржылық жағдайы шетелдік валютамен алынған займдар бойынша шығыстардың өсуіне және бірқатар банктің қайта капиталдандырылуына қарамастан сәл ғана нашарлады деп санайды. Бұл күтпеген жағдайларда әлеуеттік тәуекелдерді басқару үшін икемділікті және жеткілікті қаржылық ресурстарды қамтамасыз етті.
Агенттік Қазақстан билігінің банк жүйесін күшейту және қайта капиталдандыруға бағытталған іс-әрекетін оң бағалап отыр. Аталған шара аясында Үкімет екінші деңгейлі банктерде 500 млрд теңге (1,5 млрд доллар) сомасында қолдау көрсетуге дайын екендігін мәлім еткен болатын.
Рейтинг агенттігінің сарапшылары таяу жылдары Қазақстан Ұлттық қордағы активін мұнай бағасы барреліне 40-60 доллар дәлізінде болған жағдайда 60 млрд доллар деңгейінде тұрақтандыра алады деп санайды.