Бұған дейін Moody's Қазақстанның мемлекеттік рейтингін осылайша өзгерткен болатын. Болжамның бұлай өзгеруі еліміздің экономикасының жақсарып келе жатқандығын білдіреді.
«Болжамның өзгеруі және «Baa3» деңгейіндегі рейтингінің сақталуы - бұл жақсы белгі. Ол арқылы активтердің сапасының, қаржы көрсеткіштері жиынтығының рейтингтік агенттіктерді қанағаттандыра білгендігін байқауға болады. Банктің қатардағы клиенті үшін тұрақты рейтинг -бұл бірінші кезекте өз клиенттері алдында банктің барлық міндеттемелерді орындауының сенімді көрсеткіші»,- деді «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымының орынбасары Жанар Жұбаниязова.
Жанар Жұбаниязова, сонымен қатар, банкінің қазіргі рейтингісі басқару қызметінің және бизнес-стартегиясының жоғары тиімділігін көрсететіндігін баса айтты. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі кредиттік портфель сапасына аса үлкен көңіл бөлуде. Қазіргі таңда, банктегі проблемалық заемдардың үлесі небәрі 0,41% құрайды. Мерзімі өткен қарыздардың мұндай төменгі көрсеткіші заемшылардың төлем тәртібін уақтылы жүргізетіндігімен түсіндіріледі.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қазір 965 100 қолданыстағы депозит есептелді. 6 айдың өзінде ТҚЖ жүйесіне 200 мың жаңа қатысушы қосылды. 2017 жылы Тұрғын үй жағдайын жақсартуға 17 978 қазақстандық заем ала білді.