Kimi K3 мультимодальді мүмкіндіктерді, яғни сурет пен бейнені тануды қолдайды және көлемі 1 миллион токенге дейінгі контексті өңдей алады. Әзірлеушілер модельді бағдарламалау, үлкен деректерді терең талдау, ғылыми зерттеулер жүргізу және күрделі визуалды сұраныстарды орындау сияқты міндеттерге бейімдеген.
– Параметрлер саны неғұрлым көп болса, модельдің мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады әрі ол интеллектуалды нәтижелерді ұсына алады, – деп мәлімдеді Moonshot AI компаниясы.
Компанияның ішкі сынақтарының нәтижесіне сәйкес, ашық бастапқы кодты Kimi K3 жалпы мүмкіндіктері жағынан жабық кодты коммерциялық көшбасшы модельдердің деңгейіне жақындаған.
Сарапшылардың пікірінше, Қытайдың ашық бастапқы кодты ірі тілдік модельдері жекелеген жетістіктерден бірлескен дамуға көшіп, жасанды интеллекттің жаһандық дамуына жаңа тәсілдер ұсынып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қандай жасанды интеллект сервистері көп қолданылатынын жаздық.
Сондай-ақ Алакөлде жоғалған балаларды іздеуге жасанды интеллект көмектесетін болды.