«Моракот» тайфуны 376 адамның өмірін қиды

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Тайваньдағы «Моракот» тайфуны құрбандарының саны 376 адамға дейін өсті. Бұған дейін 367 құрбан болғандар туралы хабарланған болатын,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы тізім толығуы мүмкін: тұрғындардың 254-і хабар-ошарсыз жоғалғандардың қатарында саналады. Осылайша, құрбан болғандардың жалпы саны 600 адамнан асуы мүмкін.

«Моракот» Қытайдың ірі аралына тамыздың 8-інде ойран салған болатын және Тайвань тайфундарының ішінде соңғы 50 жылдағы ең жойқыны болып отыр.