Ресейдің «Жаңалықтар» агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында жергілікті құқық қорғау органының өкілі мәлім еткен.
«18 мамыр күні шамамен сағат 13:40-та полицияға «Мордовия» футбол клубының директоры 17 күні сағат 20:00 мен 18 мамыр күні сағат 06:30 аралығында Понерский көшесі бойында орналасқан клубтың әкімшілік ғимаратына екі адам терезе арқылы кіріп, өз кабинетінен жеке ақшасы салынған сейфті ұрлап кеткендігі туралы арыз берді», - деп атап өткен құқық қорғаушылар.
РФ ІІМ баспасөз орталығында ұрлықтың болғандығын растағанымен, оның қалай орын алғандығын ашып айтқан жоқ. Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.