Морган Фримен апатты жағдайда қонған ұшақтан зардап шеккен жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық актер Морган Фримен Миссисипи штаты Таника қаласының әуежайына апатты жағдайда қонған жеке ұшақта өзінің зардап шекпегенін айтты, деп хабарлады «The Wrap» порталы.

Актердің айтуынша, ол жаңа фильмнің түсіріліміне қатысу үшін Техас штатының Хюстон қаласына бет алған. «Ұшқыш Джимми Гобсонға рахметім шексіз», - дей актердің өзі.