Оның пайымдауынша, іске қосу реттеуші орган қажетті жағдайларды жасағаннан кейін ғана жүзеге асады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
Оның пікірінше, мәселе биыл жыл аяғында шешіледі. Өйткені алдымен заңнамалық базаны қабылдау, сондай-ақ барлық нормативтік құжаттарды әзірлеу, егжей-тегжейлі пысықтау және талдау қажет.
Сонымен қатар, Мосбиржа криптовалюталармен сауда жасау тұжырымдамасын әзірлеп, нарық қатысушылары үшін тестілік стендтер дайындап жатқанын нақтылады. Алғашқы сынақтар жаздың басында басталуы мүмкін. Саудаға, ең алдымен, ең өтімді цифрлық валюталар жіберіледі.
Ол сондай-ақ криптовалюталардың тәулік бойы сауда режимі бастапқыда көзделмегенін түсіндірді. Бірінші кезеңде Мосбиржа стандартты жұмыс уақытында – Мәскеу бойынша 6:50-ден 23:50-ге дейін өткізеді. Бұл инфрақұрылым үшін маңызды қадам екені атап өтіледі, ал сауда ережелері мен режимдерін қатысушылардың мүдделерін ескермей түзетуге болмайды — нарық дайын болуы керек.
Сәуір айында Мәскеу биржасының байқау кеңесінің төрағасы Сергей Швецов алаң 2027 жылдан бастап криптовалюталармен операцияларды іске қосуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Ал бір ай бұрын Ресей үкіметі криптонарықты реттеуге қатысты заң жобаларын мақұлдаған болатын. Цифрлық валюталармен жұмыс істеуге лицензияны цифрлық депозитарийлер, биржалар, брокерлер және сенімгерлік басқарумен айналысатын компанияларды басқарушылар ала алады.
Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы CryptoPay арқылы жасалған алғашқы криптотөлем көрсетілгені туралы жазған болатынбыз.