«Мосфильм» продюсері 2 млн. рублінен қағылды

Фото: None
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Мәскеу орталығында қылмыскерлер «Мосфильм» продюсері Галина Михалевичті тонап, оның 2 млн. рубль салынған сөмкесін алып кетті.

РБК агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы құқық қорғау органдарының өкілі мәлім еткен.

Оқиға Кутузов даңғылы бойында орналасқан 24-ші үйдің кіреберісінде орын алған. Зардап шегушінің айтуынша, оны спорттық костюм киген екі адам тонаған.