Бұған дейін АҚШ басқаратын коалиция көмегімен Ирак әскері шаһардың орталық бөлігін азат етуге кіріскен болатын. Айта кету керек, Мосул қаласын «Ирак пен Левант лаңкестік ұйымының» содырлары 2014 жылы басып алған. Содан бергі қыспақтан қажыған жұрт күн-түн демей, билік әскеріне қарай қашып жатыр.
Ал үкімет жасағы шаһарды азат етуге өткен жылдың қазанында кіріскен. Қазір Мосул шығысы қаскөйлерден толықтай ада болып, қалыпты өмірге көше бестады. Дегенмен батысында әлі де лаңкестер билік құрып тұр.
«Ішегім бұратылып, аштан өлердей болып тұрмын. Тіске басар тілім нан жоқ. Аштық пен бомба үйден қашуға мәжүр етті. Балаларымыз да аш-жалаңаш», - дейді Мосул қаласының тұрғыны Ибрахим.