Олардың барлығы - әуе шабуылдарының құрбаны. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әуе соққыларын халыақаралық коалиция күштері жасаған. БҰҰ қайғылы оқиғаны толыққанды тексеруге шақырды. 17 наурыз күні бомбалау салдарынан 200-ге жуық тұрғынның мерт болғаны туралы хабарланған еді.
Мосул «Ислам мемлекетінің» Ирактағы негізгі нүктесі болып саналады. Қаланы лаңкестерден азат ету операциясы өткен жылдың күзінен бері жүргізіліп келеді. Қаңтар айында қаланың шығыс бөлігі толығымен қайтарылды, ал ақпанда батыс Мосул үшін шайқастар басталды.