Оқиға таңертең жетінші кезең басталғаннан кейін болды. Қолда бар ақпарат бойынша, 25 жастағы азамат қарсы келе жатқан полиция көлігімен соқтығысқан. Раллиде жұмыс істеген медициналық қызметкерлер бригадасы спортшының өлімін тіркеді. Ол жарысқа алғаш рет қатысқан болатын.
«Дакар» - 1978 жылдан бері өткізілетін жылсайынғы трансконтинентальдық ралли-марафон. Жарыстар жыл басында ұйымдастырылады.