Сағатына 160 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз байкты жаншып кетті, ал оның иесі жан-дәрмен қашып үлгерді.
Әлгінің неліктен рельс үстінде жүргені белгісіз, жанында бірнеше достары болғанға ұқсайды, олар қарсы келе жатқан пойыздың алдына шығуға тәуекел етпеген болулары керек.
Ер адамның зардап шекпегені белгілі болды. Ал мотоциклді пойыз жаншып кетті, австралиялық Виктория штатының полициясы бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізбек.