Басылымның мәліметінше, оқиғаға қайықта адамдардың шамадан тыс көп болғаны себеп болуы мүмкін. 22 орындық қайық 40 адамды жеткізбекші болған.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, 12 жолаушы қатты ағынға қарамастан, өз беттерімен жағаға шыққан. Екі адам суға кетті.
Қалған жолаушылар жайлы ақпарат жоқ. Билік өкілдері із-түссіз жоғалған азаматтарды іздестіріп жатыр.