Мотошабандоз Херник «Дакарда» қызба, гипертермия салдарынан көз жұмған

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Дакар-2015" раллиінің үшінші кезеңінде болған оқыс оқиға - польшалық мотошабандоз Михаил Херниктің өлімі денесі қатты қызып, құрғап кетуінен орын алған, деп хабарлады "Франс Пресс-ке" сілтеме жасап «Р-Спорт».

Бұл туралы медициналық сараптамадан кейін белгілі болды.

Қайғылы оқиға Сан-Хуан, Чилесито елді мекендері арасындағы жарыстың үшінші кезеңінде болды. Бәсеке барысында Херниктің командасы онымен байланыстың жоғалып кеткендігін, мотошабандоздың бақылау учаскесін аяқтамағаны хабарланды. Артынша іздестіруді бастау шешімі қабылданды. 39 жастағы спортшыны тікұшақ арқылы жолдан 300 метрлік қашықтықтан тапты. Ешқандай апат іздері байқалмады. Херник Дакара жарысына алғаш рет қатысқан болатын.

Еске салсақ, «Дакараның» екінші кезеңінде қазақстандық шабандоз Артур Ардавичустің экипажы аударылған болатын.