Уэстон Пейк AMA Supercross 2016 бәсекесінің бірінші кезеңінде ашуға мініп, қарсыласын сабады. Жарыс Анахаймда өтті, деп хабарлады Eurosport.ru.
Мұндай қадамға Пейктің жолын екі рет кескен Винс Фрис итермелеген. Сөйтіп спортшы қарсыласын ұрып-соққан. Уэстон Пейкке бұл әрекеті үшін бес мың доллар айыппұл салынды, сонымен қатар ол жарыстың екінші кезеңіне қатыспайтын болды.
Атап өту керек, екі спортшы да 450SX дәрежесінде бағын сынап жатыр.