«Мойынқұм ауданының аумағында ҚК 120-бабы 4-бөлігі (жас балаға қатысты зорлау әрекетін жасау) бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен іздеуде болған ер адам ұсталды. Ол Шу ауданынан 60 шақырым жердегі шаруа қожалығынан табылды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - делінген Жамбыл облысы полиция хабарламасында
Еске сала кетсек, Жамбыл облысында 6 жыл бойы туыс екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жасар қыздың ісіне байланысты полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде бір күдікті ізін суытпай ұсталып, қамаққа алынды. Екінші күдіктіге қатысты іздеу жарияланды.