Мойнақ СЭС-і жанындағы Бестөбе бөгені суға толтырыла бастады

None
МАТЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Мойнақ СЭС-індегі маңызды кезеңдердің бірі аяқталды. Бүгін Бестөбе су қоймасына су толтыру кезеңі басталды.

Бүгінге дейін су қойманың құрылысы жүргізіліп келген еді. Бүгін толық аяқталған нысанға су жіберу ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовтың қатысуымен жүзеге асты. Бөген алдағы 3 айда суға толық толады.

Бестөбе су қоймасы Мойнақ СЭС-ін сумен қамтамасыз ететін аса маңызды нысан саналады. Негізгі қызметі - Шарын өзенін бөгеп, суды реттеп отыру. Су қойманың жалпы көлемі- 238 млн.текше метр, пайдалы аумағы 198 млн. текше м. Жалпы ұзындығы - 150 шақырым, ені 1 шақырым. Аталмаш су қойма құрылысын Қазақстандық «Kerneu Limited» компаниясы жүзеге асырған.

Еске сала кетейік, Үдемелі-индустриялық инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан аса маңызды жоба Мойнақ СЭС-і тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында, желтоқсан айында пайдалануға беріледі.