Мойынқұм ауданындағы салынып жатқан цемент зауытының өндірістік алаңы ҚР Президентінің қатысуымен өтетін телекөпір барысында қосылуға әзір
10:05, 28 Маусым 2010
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылының жанындағы салынып жатқан цемент зауытының өндірістік алаңы Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін телекөпір барысында қосылуға толығымен дайын.
«Мыңарал Тас Компании» ЖШС бас директоры Айвар Сарғасқаевтың айтуынша, бұл Жамбыл цемент өнеркәсіп компаниясының жүзеге асыратын құрылыс индустриясындағы қазақстандық ірі кәсіпорын болады.
Зауыт іске қосылғаннан кейін жылына М-400 және М-500 маркалы 1,2 млн. тонна цемент шығаратын болады, жобаның құны - 32,4 млрд. теңге, 350 жұмыс орны құрылды. Зауыт заманауи технологияларды қолдана отырып, экологиялық талаптарға сай салынуда.