Мойынқұмда алып саңырауқұлақтар табылды
14:19, 20 Сәуір 2009
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Саңырауқұлақ терушілер Мойынқұм ауданындағы құмда, аудан орталығынан 50 шақырымдай жерден биіктігі 40-50 сантиметрге, ал салмағы 1 киләға жететін ақ саңырауқұлақтар тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мұндай саңырауқұлақтың біреуі кішігірім ауылға арнап сорпа дайындауға жетіп қалады. Биыл жауын-шашынның мол болуына байланысты Жамбыл облысында саңырақұлақ қаптап өсуде. Бірақ, мұндай алып саңырауқұлақ - бірінші рет табылып отыр. Қор жасап алсаңыз, алып саңырақұлақты бір жыл бойы жейсіз», дейді тараздық саңырауқұлақ теруші Иван Коляда. Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі полиция полковнигі Роза Қалдыбекованың айтуынша, биылдыққа өңірде саңырақұлақтан улану оқиғалары тіркелмеген. Бірақ та, саңырауқұлақ терушілерге ондай «олжаларын» санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің зертханасында радиация мен токсиндерге тексертіп алғанның артықтығы жоқ. Себебі Мойынмқұм шөлі алтын, алмас, барит кеніштерімен ғана емес, уран рудниктерімен де танымал, дейді ол.