Бұл туралыоблыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Онда ағымдағыжылдың 27 шілдесінде Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің «102» пультінеқұрамында алтын бар кен тастарын жинаған азаматтар туралы хабарлама келіптүскендігі айтылған.
«Алтынөткізушілер кен тастарын жинаумен айналысып, оларды «УАЗ» маркалы үшавтомашинаға тиеген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалыметалл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі. Іс бойынша сегіз күдікті ұсталды.Тәркіленген кен тастарына сот-химиялық сараптамасы тағайындалды»,-делінгенведомство хабарламасында.
Аталған фактібойынша ҚР ҚК 334-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.