18 қараша 10 сағат 41 минутта Жамбыл облысы ТЖД «112» нөміріне Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы Аманкелді көшесіндегі «Талас» сауда үйінің артында қазылған терең шұңқырға ер адамның құлап кеткені жөнінде хабарлама келіп түскен.
Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Оқиға орнына азаматтық қорғау органының 3 адам жедел жетіп, терең шұңқыр ішінен зардап шегуші 1964 жылы туған ер адамды шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған» делінген ведомство хабарламасында.
Қазіргі уақытта зардап шегуші жамбас сүйегінің сыну диагнозымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне орналастырылды.