Полицияның дерегі бойынша, оқиға орнында 21 адам, ауруханада екі адам көз жұмған.
«Бұл жеңіл автокөлікпен болған елдегі ең ірі жол апаты. 50 адам зардап шекті», - деп хабарлады жол қозғалысы басқармасының басшысы Пауло Ланга.
П.Ланга көліктің бірнеше қоршауды соққаннан кейін екпінін тоқтата алмай жаяу жүргіншілер көпірінің тірегі аралығында тоқтағанын атап өтті.
Сондай-ақ, полиция офицері оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз екендігін мәлім етті.