ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамына Мозамбик құрамасының ойыншысы Файфе Режиналдо қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Режиналдо 1990 жылдың 14 маусымында Мозамбиктің Келимане қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2013 жылы Португалияның «Насьонал» (Фуншал) командасында бастаған ол содан бері сол елдің «Санта-Клара», Албанияның «Люфтетари», «Лачи», «Кукеси» командаларында ойын көрсетті. Былтыр ол Қарағандының «Шахтері» құрамына жазда қосылып, 13 ойында 3 гол соқты.
Файфе Режиналдо 2011 жылдан бері Мозамбик құрамасы сапында ойнайды. Қазірге дейін 25 кездесуде қарсыластар қақпасын 3 мәрте дәл көздеді.
Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес, украиналық қорғаушы Ризван Аблитаровпен келісімшартқа отырған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.