МСАК ДДСҰ Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - МСАК ДДСҰ Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«6-7 қарашада Алматыда Медициналық-санитарлық алғашқы көмек жөніндегі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры - ЮНИСЕФ-тің Алматы декларациясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференциясы өтеді», - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, конференцияға әлемнің 70 елінен келген халықаралық және өңірлік ұйымдардың өкілдері қатысады.

«Бұл форумға ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев бастаған делегация қатысатындығы көзделіп отыр», - деді А.Әбибуллаев.