МСҚ емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігімен бірлесіп халыққа қызмет көрсететін емдеу мекемелерін іріктеу процесін автоматтандырып жатыр. Бұл туралы Алматыда медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі аймақтық штаб отырысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді.

«Қаржыландыру көлемі артқаннан кейін медицинаұйымдарынан түсетін өтініштер мен келісімшарттар саны да екі есеге көбейеді.Сондықтан біз сатып алу процесін де жетілдіріп жатырмыз. Биылғы жылдың үшіншітоқсанында қызмет көрсететін компаниялар базасын жасау, конкурсқа қатысуғаөтініш беру, сатып алу процедурасы, жеткізушілерді іріктеу комиссияларының жұмысыда толығымен автоматтандырылады. Бұл жұмыстың бәрі электронды сатып алуларпорталы арқылы онлайн режимде жүргізіледі», - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде сатыпалынатын қызметтерді емдеу мекемелері арасында бөліске салу жұмыстарыныңнәтижесі денсаулық сақтау саласындағы төлем жүйелеріне жіберіледі. Содан кейінҚор мен жеткізушілер арасында келісімшарт бекітіледі. Бұл өзгерістердің бәрі демедициналық қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығын, тиімділігін қамтамасызетпек.

«Қазірдің өзінде Қорда келісімшарттар мен қосымшакелісімдер автоматты түрде қалыптастыру функциясы іске қосылған. Осы тамызайында құжаттардың бір бөлігіне цифрлық қолтаңбаның көмегімен қол қоюғамүмкіндік аламыз», деп қорытты МСҚ басшысы.

Соңғы жаңалықтар