Осы мәліметті Фейсбуктегі парақшасында MSQRD жобасын құрушылардың бірі Евгений Невгень де растады.
Пайдаланушы суреттеріндегі адам беттеріне бетперде орналастыратын фильтрлердің ішінде қоянның құлағы, тәждің бірнеше нұсқасы және басқа да қосымшалар бар.
Беларусь мамандарының жасаған MSQRD жобасы 2015 жылдың соңында пайда болды. Үш айдан соң оны ірі әлеуметтік желі Фейсбук сатып алды. Алайда мәміленің жалпы сомасы әзірге шейін жария етілмеді.