Муамар Каддафидің ұлы Хамис Бани-Валид қаласында өлтірілді
10:39, 21 Қазан 2012
АСТАНА. 21 қазан. ҚазАқпарат - Муамар Каддафидің ұлы Хамис Ливияның Бани-Валид қаласында өлтірілді, деп хабарлайды ресейлік жаңалықтар агенттігі Ливия ұлттық конгресінің ресми өкілі Омар Хомейданның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Омар Хомейданның айтуынша, "Хамис Каддафидің мәйіті Мисурат қаласына жеткізілген".
Ал бұған дейінгі ақпараттардың кейбірінде "дала командирлерінің қолына түсіп қалған Хамис Каддафи Мисурат қаласындағы аруруханалардың бірінде жатыр", енді бірінде "Мисрат госпиталіне апара жатқанда көз жұмды» делінген болатын.