Ол Триполидегі қонақүйде тайпа басшыларымен кеңесіп отыр. Бейнежазба биылғы жылдың 11 мамыры күні жазылған, деп хабарлайды The Sky News агенттігі.
Оның балаларының үйіне әуеден бомба тасталғаннан кейін Каддафи көз жұмды деген сыбыс тарады. Ал елді оның үлкен ұлы Сейф әл-Ислам басқаруда. Мұндай күдікке себеп болған Каддафидің халықтың алдына ұзақ уақыт шықпай қоюы. Өйткені ол бұған дейін жұртшылық алдына үзбей шығып, телеарнадан сөз сөйлеп, журналистермен қарым-қатынаста болған еді.