Муайтай бойынша Әлем кубогында қазақстандықтар 10 медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-26 қараша күндері Қазан қаласында (Татарстан) муайтай (тай боксы) бойынша Әлем кубогы өтті. Қазақстан Республикасы атынан ересектер санаты бойынша 5 спортшы, 16-17 жас аралығында 7 спортшы бақ сынады, деп хабарлады ҚР Муайтай федерациясының баспасөз қызметі.

Ересектер құрамасы үш күміс жүлдеге ие болды - Саясатов Еламан (51 келі), Галиев Ишан (57 келі) және Ақжанов Рүстем (71 келіге дейін).  Жастар екі алтын медаль - олар Сейітбек Рымбек (54 келіге дейін) және Заякин Руслан (63,5 келіге дейін), үш күміс - Магдеев Алексей (45 келіге дейін), Арифханов Бақытжан (48 келіге дейін) және Сағындық Бағдат (81 келіге дейін), және Орынбай Аян (60 келіге дейін) мен Вадим Борко (54 келіге дейін) екі қола жүлде жеңіп алды.

 Әлем кубогына 20 мемлекеттен 300-ден астам спортшы қатысты.