Мүбәрәк сот алдында аурухана төсегінде жатқан күйі жауап беруде

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Мысырда елдің бұрынғы перзиденті Хосни Мүбәрәкқа қатысты сот ісі басталды.

Al-Jazeera-ның хабарлағанындай, бұл бұрынғы мемлекет басшысының 2011 жылы 11 ақпанда отставкаға кетуге мәжбүр болған уақыттан бері халық алдына алғаш шығуы, деп жазады РБК.

Мысыр мемлекеттік телеарнасы Х.Мүбәрәктің айыпталушылар торында аурухана төсегінде жатқан жерінен кадр үзінділерін көрсетті.

Бұған дейін 83 жастағы бұрынғы президенттің ауыр халде екені хабарланған болатын, ол 2011 жылдың сәуірінен бастап Шарм-эл-Шейх қаласындағы ауруханада жатты. Бұрынғы ел көшбасшысының адвокаты да оның қорғауындағы азамат онкологиялық дертпен ауыратынын айтқан болатын.

Сот Каир қаласының полиция академиясында өтіп жатыр. Мысырдың бұрынғы президенті заңсыз түрде мемлекет есебінен байып, 2011 жылдың басындағы қайғылы оқиғада ереуілшілерге қарсы қару пайдаланғаны үшін айыпталуда. Х. Мүбәрәкпен бірге жемқорлық әрекеттері үшін оның ұлдары Гамаль мен Аля да сот алдында жауап беретін болады. Сот ғимаратына айыпталушы тікұшақпен жеткізілді.