бұрынғы ІІМ басшысы Хабиб аль-Адлидің және тағы алты жоғары лауазымды шенеуніктердің айыптарын қайта қарайтын сот отырысы 17 тамызға белгіленді, деп хабарлайды Associated Press.
Сенбіде өткен төртінші сот отырысы барысында судья айыптаушылардың дәлелдерімен танысуды жалғастырды. Мүбәрак пен оның режіміндегі өзге де өкілдерге 2011 жылы төңкеріске қатысқан бейбіт шерушілерді өлтірді деген айып тағылуда.