Мүбәрәктің екі ұлы түрмеден босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алаа мен Гамаль Мүбәрәк дүйсенбі күні таңертең Каирдегі түрмеден шығып, Гелиполис ауданындағы үйлеріне қайтты.

Өткен аптада сот Мүбәрәктің екі ұлын босатуға шешім шығарған болатын. Дегенмен олар жекеменшікті заңсыз иеленгені үшін айыптауларды қайта қарау аясында сот алдына келуі тиіс. Сот оларды алдын ала қамаудың рұқсат етілген мерзімін өтегендігі жайлы қаулы шығарды.

51 жастағы Гамаль Мүбәрәк Ұлттық демократиялық партияның көшбасшыларының бірі болып, әкесінің ресми емес мұрагері саналған. Ал 53 жастағы Алаа Мүбәрәк Мысырдың жетекші бизнесмендерінің бірі болған.