деп жазады Утро.ru.
Бұрындары хабарланғандай, Сюзан Сәбит өз адвокатына Каир сыртындағы Маср әл-Гадидада 4,3 миллион Мысыр фунтына (741 мың доллар) сатып алынған виллалары мен Мысыр банктерінің біріндегі 2,8 миллион долларға тең есепшотын мемлекет есебіне аудару бойынша құжаттар дайындауға тапсырма берген болатын. Бұл ниетін бұрынғы президенттің зайыбы қайырымдылық шарасы ретінде деп түсіндірді.
Жексенбі күні мысырлық БАҚ-тарда жаңа ақпарат пайда болды. Оған сай, Хосни Мүбарак пен Сюзан Сәбит халықтың мүддесі үшін барлық мүлкі мен қаражатынан бас тартуға дайын екендіктерін жеткізген. Қазір Мүбарак пен оның зайыбының қорғаушылары бұрынғы мемлекет басшысы мүліктерінің, оның ішінде бақылаушы органдардың назарына ілікпей қалған мүліктерінің тізімін әзірлеуде.