Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімімен Павлодар облысының бас имамы Нариман қажының басқа жұмысқа ауысатыны анықталды.
«Нариман қажы Мәшһүр Жүсіп мешітінде 7 жыл қызмет атқарған, ал қазіргі уақытта оны Астанаға бас имамның орынбасары лауазымына шақырдық. Оның орнына белгілі теолог, өңірді жан-жақты білетін азамат Жолдас қажыны тағайындап отырмыз», - деді еліміздің Бас мүфтиі.
Серікбай қажы Ораз бүгінгі таңда дін қызметкерлерінің басты міндеті діни ағымдардың өкілдерімен белсенді және сапалы жұмыс істеулері қажет екенін атап өтті. Өз кезегінде Павлодар облысының әкімі дін қызметкерлеріне жан-жақты көмек көрсететініне уәде етті.