Мұғалім жалақысын есептеудің индикаторы өзгеруі керек - Айгүл Мұқашева

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан білім және ғылым саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева ертең Тамыз кеңесіне Мемлекет басшысының қатысуы педагог мәртебесін көтеруге жасалған елеулі қадам екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Педагог мәртебесінреттейтін заң жобасы ұстаздар қауымы көптен бері қордаланып қалған мәселелердішешеді деген үмітпен отыр. Заң жобасы қазір Үкіметке түсті. Үкіметтен кейінПарламент талқысына түседі. Ертең республикалық тамыз кеңесі болады. Олкеңестен үлкен жаңалық күтеміз. Өйткені, тарихымызда бірінші рет Тамыз кеңесінеел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқалы отыр», - дейді кәсіподақ өкілі.

Айгүл Мұқашеваұстаз табысының елдегі орташа еңбекақы мөлшерінен төмен болуы әділетсіз депсанайды.

«Ұстаз мәртебесідегенде ең бірінші ойға еңбекақы түседі. Қазір ұстаздардың алатын жалақасы республикалықорташа еңбекақы мөлшерінен 40 пайыз төмен. Оқу бітіріп, жаңадан жұмысқа кіргенмұғалімдердің жалақысы небәрі 50 мың теңгеден көп болмайды. Кәсіподақ тарапынанкөптен бері айтылып жүрген мәселенің бірі – жалақыны есептеу жүйесіне қатысты. Базалықлауазымдық жалақы деген ұғым бар. Қазір оның көлемі – 17 697 теңге. Жалпыжалақы осы базалық лауазымдық жалақыдан бастап есептеледі. Біз сол базалықақының мөлшерін минималды айлық еңбекақы көлемімен теңестіруді ұсынып отырмыз. Қазіроның көлемі – 42 500 теңге. Осы индикаторды ауыстырса, мұғалімнің жалақысы данақты өсер еді. Ол ұсынысты әлеуметтік серіктестігіміз болып саналатын ҚР Білімжәне ғылым министрлігі де қолдап отыр, депутаттар да көтеріп жүр», - дегенмаман мұғалімдер тарапынан кәсіподақ ұйымына жыл сайын мыңдаған шағым түсетінінайтады.

«Білім және ғылым саласықызметкерлерінің кәсіподағы ең ірі қоғамдық ұйым болып есептеледі. Қатарымызда700 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар. Солардың жүгінімдері бойынша былтырмұғалімдерге тиесілі 300 млн теңгеге жуық қаражат қайтарылды. Яғни,мұғалімдердің еңбекақысын заңсыз ұстап қалған немесе төленбей қалған. Биылғыалты айдың өзінде 120 млн теңге ұстаздарға қайтарылды. Маңғыстау облысындаеңбек демалысы мен сауықтыру өтемақысы есебінен төленетін 6,5 млрд теңгеуақытында аударылмағаны анықталған болатын. Қазіргі таңда бұл сома түгелтөленді. Бірінші жартжылдықта біздің кәсіподаққа педагогтар тарапынан 1,5 мыңжазбаша өтініш түсті. Оның көбі еңбекақыны заңсыз ұстап қалу немесе төлемей қоюға,жұмыстан шығаруға байланысты арыздар. Былтыр жұмыстан заңсыз шығарылған 44мұғалім қайтадан жұмысқа кірді. Оның алтауы сот арқылы құқығын қорғап шықты.113 ұстаз жұмыстан заңсыз шығарылғалы тұрған жерінен қызметінде қалдырылды.Осыдан-ақ ұстаздардың мәртебесі қандай деңгейде екенін көруге болады. Ертеңгітамыз кеңесі осындай мәселелердің түйінін тарқатуға сеп болады деген ойдамыз»,- дейді Айгүл Мұқашева.

Соңғы жаңалықтар